Вернуться на главную
Вернуться в раздел

Жақсы сөз жарым ырыс

Жақсы сөз жарым ырыс

Бұл әлемде сөзге тең келетін құдірет жоқ.Себебі бір ауыз сөзбен-ақ адамды қуанышқа кенелтіп,бақытты етуге де,көңілін қалдырып ренжітуге де болады. Бұл енді Сіз айтқан сөздің өзгеге тигізер әсеріне қатысты дүние. Ал өз аузыңыздан шыққан сөздің өзіңізге қаншалықты әсер ететінін білесіз бе? Иә,қызық сұрақ,тосындау сауал. Тосын болатыны,бұл туралы бұрын ойланып көрмептік. Біріміз мән бермесек,енді біріміз ерен санамадық.Ал автор нақ осы тұстан әңгіме өрбітеді.Әрі өзіне көңілі толмайтындар мен үнемі өмірден бас кешіп жүретіндердің "тіршіліктен түңілу" себебін айқындайды.Міне, осы тұста нағыз құпияның беті ашылады. Ол не? Ол-сөз.Әлі айтылмауы мүмкін,бірақ ол айтушының жадында жатталып,көңілінде бекіген. Бұдан да дәлірек айтсақ,сол адам өз-өзіне өтірік баға беріп, оны миына шегелеп тастаған.Қәзір оның көңілі сынық, өзін төмен санауды әдетке айналдырған.Тіпті қолында бәрі болса да,төрт дүниесі түгел болса да,кейбір жандардың жанына әлі де бірдеме жетіспей жүреді. Енді қараңызшы,айналаңызда осындай көңілі жарым қаншама адам бар? Бәлкім Сіз де солардың ішінде шығарсыз? Әбден мүмкін. Оған кітапты қолыңызға алғанда көзіңіз анық жетеді. Автор жұрттың денін мазалаған осы "аурудың" сырын ғана айтып қоймай, одан "айығудың"жолын да көрсетеді. Қысқасы, бойыңызға сөзбен сіңген "сырқаттың" уытын сөзбен ғана қайтара аласыз. Бұл еңбектің "Жақсы сөз-жарым ырыс" аталу себебі де осында.

5
Дополнительная информация
Издательство Алматы
Год издания 2018 г.
Штрих-код 9786010651302
Переплет Мягкий
Толщина 10 мм

2 800 тг
В наличии 35 экз.
В корзине