o чем книга
Шәкәрім Құдайбердіұлы — жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Бұл жинаққа оның әртүрлі тақырыптарда жазылған өлеңдері топтастырылған. Ақын поэзиясының тақырыптық, идеялық маңызы оның бүгінгі күн үшін, қазіргі халық үшін қажеттілігін анықтайды. Оның өлеңдерінің түйіні оқырманды адамгершілікке, тазалыққа, жақсылыққа үндейді.