o чем книга
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев — кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.[1] Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960-1962 және 1964-1986) және КОКП ОК саяси бюросының мүшесі (1971-1987) лауазымдарының иегері. Балалар мен жасөспірімдерге арналған бұл кітапта мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың қызықты да қиын өмір жолы сипатталады. Сонымен бірге жинақта саналы ғұмырын халықтың мүддесіне, Қазақстанның дамуына арнаған Димаш Ахметұлының ел үшін сіңірген ерен еңбегі дәріптеледі.