Неге деген сұрақтан бастаңыз

o чем книга
Саймон Синек - 1973 жылы Лондонның Уимблдон ауданында дүниеге келген. көшбасшылық және тұлғалық даму бойынша танымал сарапшы, мотиватор. Ernst & Young, American Airlines, Disney, Deutsche Bank, Mars және т.б. компанияларға кәсіби қызмет көрсететін Sinek Partners консалтинг агенттігінің негізін қалаушы. Ол Leaders Eat Last: Why Some Teams Pull Together and Others Don't (Көшбасшылар асты ең соңынан ішеді: ұйымшыл команданы қалай құруға болады) және Find Your Why: A Practical Guide for Discovering Purpose for You and Your Team («Неге» деген сұрағыңның жауабын тап. Көздеген мақсатқа жетудің практикалық нұсқаулығы) атты бестселлер кітаптары арқылы әлемге танылды. С. Синектің TED сайтындағы «Неге» концепциясы туралы дәрістері 35 миллионнан астам қаралыммен TED тарихындағы танымал бейнероликтердің тізімінде үшінші орында. Синек Колумбия университетінде стратегиялық коммуникациялар бойынша дәріс оқиды. Компанияның толымды табысының сыры миллиондаған инвестицияда емес, НЕГЕ деген сұрақтың астарында жатыр екен. Қолыңыздағы кітаптың авторы, белгілі америкалық жазушы әрі мотивациялық спикер Саймон Синектің тұжырымы осындай. Бүгінгі таңда көшбасшылық қасиетінің арқасында әлемге танылып, халықты соңдарынан ерте білген жандардың, сондай-ақ бизнес саласында өзгелерден оқ бойы озып, атағы дүрілдеп тұрған компаниялардың орасан зор жетістікке жетуінің құпиясы неде, жұртты қалайша өзіне баурап алады, міне, кітап осы мәселелерге назар аудартады. Бизнестегі басты құндылық – НЕ өндіріп жатырмын деген сұрақ емес, осы өнімді халыққа НЕГЕ ұсынып отырмыз деген ізгі ой. НЕГЕ деген сұрақтың аясында адамгершілік пен адалдық, сызатсыз сенім мен шексіз сүйіспеншілік жатады екен. Кітап бизнесмендерге, өз ісін дамытсам деген ниетте жүрген кәсіпкерлерге, жалпы оқырман қауымға арналған.
5 800 тг
В наличии
В корзину
Мягкий переплет
5 800 тг
СПОСОБ ПОЛУЧЕНИЯ
- САМОВЫВОЗ
(в течение 3-х дней)
характеристики
Серия
Qazaqsha 100 Bestseller
Издательство
Мазмұндама
Переплет
Мягкий
Штрих-код
9786013710242

Этот товар ждет Ваш отзыв
Вы можете быть первым!
вход
Вход
с помощью:
или
Текст ошибки
Забыли пароль? Восстановить
Не регистировались? Зарегистрироваться