o чем книга
«...Ұсынылып отырған көлемді еңбек - жастарға және көпшілік қауымға арналған энциклапедиялық басылым. Басылымның негізгі мақсаты – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлын бүгінгі ұрпаққа жаңа қырларынан жарқырата көрсету. Соны қасиеттерін ұрпағымызға таныту, хакімнің өсиетіне адал, инабатты, еңбексүгіш, бауырмал болуға тәрбиелеу. Ақын өмірінің әр қырын жан-жақты көрсету мақсатында кітаптағы материалдар төмендегі тақырыптар бойынша жинақталды: Абайдың өмірі және отбасы. Абайдың орыс достары. Абайдың ел билеу ісіне араласуы. Абайдың шығармашылығы, аудармалары. Жидебай-Бөрілі – ұлылар жатқан қасиетті жер. Алматы қаласындағы ұлы ақын есімі берілген орындар. Абайдың ақын шәкірттері. Абайдың әң-күй мұрасы. Абайдың айналасындағы өнерпаздар. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының Жидебайдағы музей-үйі. Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі. Абай - сегіз қырлы, бір сырлы жан. Абай дәуіріндегі Семей. Ұлылардың ізі қалған қара шаңырақ. Абайдың болашақ ұрпағына қалдырған өсиетті...» - Авторлар.