Мен жындымын. Жылдың үздік романы

o чем книга
Траги-комедиялық сарында жазылған бұл роман өзінің көркемдік тосын сипатымен ерекшеленеді. Шындық пен қиял, өң мен түс, әжуа мен мұң, мистика... мидай араласып, окушыны сан қилы шарпысқан сезімге бөлейді. Күлесіз, күрсінесіз, өмір басқаша бір өң-бояумен құбылып көз алдыңыздан өтіп жатқандай күй кешесіз. Бас кейіпкер Тауфих – болашағынан зор үміт күттірген білімді азамат, білікті маман. Азаттықтың алғашқы жылдарындағы аумалы-төкпелі кезеңде жұмыссыз қалып, біраз сергелдеңге түседі. Бір күні кездейсоқ басынан ауыр жарақаттанып, өлім мен өмір арасында ұзақ арпалысады. Ауруханадан басқа адам боп шығады: бәрі бәз-баяғыша, бірақ бұған бәрі басқаша боп көрінеді, айналадағы тіршілік құбылысын өзгеше ұғынады, өзгеше сезінеді. Күндердің-күнінде Қара шал – Абайдың аруағы елестеп, оған аян береді. Қолыңа қалам ал, жаз! дейді. Абай құлағына сыбырлап тұрған сөздің бәрі көкірегінде бұлқынып, тұншығып жатқан, айта алмай жүрген өз сөзі, өз ойы. Аз жылдың ішінде том-том роман жазып тастайды. Бірақ жаңа Маркес мен болам, әлемдік даңққа бөленем деп лепріген көңілі су сепкендей басылады. Оқығандар керемет, ғажап деп тамсанғанмен, ешқандай баспа маңына жуытпайды. Мына заманда мынандай нәрсе жазып жүрген қандай нақұрыс деп күстаналайды. Сөйтіп жынды атанады, мазаққа ұшырайды, қудаланады... Әділетсіз қоғамның шеңберіне сыймаған шын таланттың шырғалаң тағдыры арқылы жазушы рухани-әлеуметтік болмысымыздың қалтарыс-қатпарына ой сәулесін түсіріп, оқушы көкірегіндегі сан-алуан сауалға түрткі салады. Шығарма 2016 жылы Алтын қалам конкурсында Үздік роман номинациясы бойынша Бас жүлде алған.
1 800 тг
В наличии
В корзину
Мягкий переплет
1 800 тг
доставка
  • ЕЖЕДНЕВНО И БЕСПЛАТНО ПО АЛМАТЫ
Бесплатная подарочная упаковка
характеристики
Серия
Алтын қалам
Издательство
Алматы
Переплет
Мягкий
Штрих-код
9786010639966

Этот товар ждет Ваш отзыв
Вы можете быть первым!
вход
Вход
с помощью:
или
Текст ошибки
Забыли пароль? Восстановить
Не регистировались? Зарегистрироваться