o чем книга
Ақтамберді Сарыұлы – қазақ поэзиясының көшін бастаған арқалы абыз ақын. Ақын жырларынан жауынгерлік рух, ерлікке, өрлікке үндеу, дұшпанмен айқасып, тізе бүктіріп, жеңіс туын желбірету сарыны айқын көрінеді. Жырына көрік беріп тұрған да, ақын ойын, мақсатын оқырманына жеткізетін де дәл осы қасиеті. Ақтамбердінің өз оқырманы бар. Рухты жырға сусындап жүрген өлең сүйер қауым арасынан жаңа оқырмандары табыларына сенімдіміз.