o чем книга
Махаббат, сезім туралы шығармалар қай заманда болмасын әдебиеттің ажырамас бөлшегі, оқырманның сүйікті тақырыбы болып келе жатыр. Сондай шығармалармен сусындап өскен әр буын махаббатты машақаты көп, ауыр азаппен ғана қол жеткізуге болатын «тылсым күш» деп түсінеді. Меніңше, бір-бірі үшін құздан құлайтын қасіретті ғашықтарды емес, сапалы қарым- қатынасты дәріптейтін кез келді. Жұп болу жанкешті болып жапа шегу емес, сүйгеніңнің жанын түсіну шығар?! Шын ғашықтар деген қайғы-қасірет көп көргендер емес, бірін-бірі қажет кезде қолдағандар шығар?! Махаббаттың ұлы мәні деп жүргеніміз жай ғана ұғысу болып шықса ше?! Бұл кітаптың ке- йіпкерлері бізге осыны түсіндіргісі келетін сыңайлы. Ол жағын өзіңізге қал- дырдым, оқырман!