o чем книга
Бекзат – тағдырлы тұлға. Бекзат – жасындай жарқ еткен жарық жұлдыз. Қазақтың маңдайына біткен асыл ұл. Бекзат ғұмыры мұңымен, қасіретімен аяулы. Бекзат – 20 жасында, бар болғаны жиырма жылдық ғұмырында Олимп шыңын бағындырып, Қазақстан туын әлем көгінде желбіреткен жалқы қаһарман. Бұл шығармада Бекзат Саттархановтың чемпион болғанға дейінгі өмірі, балалық және жастық шағы, арман-мұраты суреттелген. Сол арқылы жастардың жігерін жанып, ерлікке бастап, мақсатқа ұмтылуға талпындырады. Бекзат ерлігін паш ете отырып, өмірге құштар болуға, туған елін қалтқысыз сүюге жетелейді. Бекзат – сегіз қырлы, бір сырлы жігіт. Халқы оны бір ғана қырынан, Олимп шыңын бағындырған чемпион ретінде ғана таниды. Бұл кітапта Бекзаттың басқа қырлары ашыла түседі. Ол – білімді, ақылды, мейірімді, шебер, жанкешті. Сүйген Бекзат, сүйікті Бекзаттың махаббатына да қанық боласыз. Кітап әрбір қазақ баласына арналады.