o чем книга
Сүйікті кейіпкерлер, әдемі иллюстрациялар және аудиожазбаларға арнайы рұқсат болуы-балақайдың көңілін көтеріп, оның оқуға деген ынтасын арттырады. «Кішкентай ертегілер» – үш халық ертегісінен құрылған жинақ. Оған “Түлкі мен ешкі”, “Торғай мен тышқан” және “Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш” атты танымал ертегілер енген. Әдеби тілмен жазылған ертегі мен көркем сурет баланың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқу дағдысын біртіндеп қалыптастыруға көмектеседі. Сондай-ақ, балаға өзіңе сену керек екенін үйретеді. Әр кітаптың мұқабасында арнайы QR код бар. Бұл код Qonzhyq App мобильді қосымшасымен бірлесіп әзірленген. Қосымша қазақ фольклорын қайта жаңғыртып, тілді үйренуге арналған. QR код арқылы балалар ертегілерді қазақ тілінде аудиоформатта тыңдай алады. ___ «