o чем книга
Сайын Мұратбеков – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, әңгіме жанрының хас шебері. Оның шығармаларында адам жанының терең қатпарлары, табиғат көріністері шынайы суреттеледі. Оның туындылары арқылы қазақ прозасындағы психологиялық талдау биік белеске көтерілді. Жазушы қаламынан туған көркем шығармалар ұлттық әдебиеттің дамуына зор үлес қосты. «Менің қарындасым» атты осы жинаққа қаламгердің 8 әңгімесі еніп отыр. Бұлардың бәрінде де жазушы дүбірлі қаладан алыста жатқан ауыл өмірін, қарапайым адамдардың қуанышы мен қайғысын көркем тілмен өрнектеп, оқырманды терең ойға жетелейді. Сайын Мұратбеков әңгімелеріндегі кейіпкерлер – өмірдің өзінен алынған, жан дүниесі бай, шынайы тұлғалар.