o чем книга
Қозғалмалы бөліктері бар «Ферма» кітабы кітап оқу процесін жандандыра түседі! Қарап қана қоймай, кітаптың әртүрлі бөлігін қозғалтамыз, айналдырамыз, ашамыз. Көңілді өлең жолдары мен үлкен иллюстрациялары кітаптың әр бетін мультфильм секілді қызық қылады. Балақай фермадағы жануарлармен: сиырмен, итпен, балапандармен танысады. 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған. Баланың тілі мен зейінін жақсы жаттықтырады. Қазір балалар іш пыстыратын кітаптарды емес, назарын баурап алатын кітаптарды оқығысы келеді – біздің «Ферманы» оқып, қолынан тастамай жүретіні анық!