o чем книга
Журналист Дина Төлепбергеннің бұл еңбегі әйелдерге, әсіресе қыз тәрбиелеп отырған аналарға арналған. Кітапта зорлық- зомбылық, құқықтық сауат, жыныстық тәрбие, отбасындағы қарым- қатынас, ана мен қыз арасындағы сенім, әйелдің өзіне сенімділігі мен еркіндігі жайлы өмірден алынған шынайы оқиғалар баяндалады. Әрбір оқиға оқырманды ойландырып, «Қызымды қалай қорғаймын? Онымен қалай сөйлесемін? Сенімді қарым- қатынасты қалай құрамын?» деген сұрақтарға жауап іздеуге жетелейді. Бұл деректі туынды — қыз тағдырын қорғауға, отбасындағы тәрбиеге мән беруге, аналарды ғана емес, тұтас қоғамды жауапкершілікке, таптаурындар мен жөнсіз айыптаудан арылуға шақырған шынайы үндеу. Кітап қыз бала тәрбиесіне, әйел тағдырына бейжай қарамайтын барша оқырманға арналған.