o чем книга
Ж. Аймауытов қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында аса бай құнды әдеби мұра қалдырды. Осы жинаққа жазушының «Ақбілек» романы мен «Күнекейдің жазығы» повесі еніп отыр. «Ақбілек» романы –әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру үдерісін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлерінің тұтқынына түсіп, неше түрлі қорлық көреді. Төңкерістен соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Жазушы осы жинақта сол бір қилы-қыстау кезеңдегі қазақ ауылының өмір шындығын, адамдардың қилы тағдырын бейнеледі. Жинақ қалың оқырман қауымға арналған.