o чем книга
Қазақтың қабырғалы қаламгері Мұхтар Мағауин шынайы суреткерлігімен қатар, озық зерттеушілік дары- нымен көпке мәлім. Қолдарыңыздағы кітапқа жазушының ой-толғам, зерттеу сыпаты басым аса құнды үш еңбегі еніп отыр. Олар: Абайдың суреті, Абайдың белгісіз әңгімесі және Абайдың тойы. Жазушының үш еңбегі де қазақ мә- дениеті мен тарихына олжа салар кесек пайымдар. Ал Абай суретінің жөні бөлек. Бұл Хәкім Абайдың даналық һәм ада- ми сипатын еріксіз таңдандыра көз алдыңа әкелер бірегей хикаят. Кітап ұлт алыптарын көзінің қарашығындай қадірлей- тін барша оқырман қауымға арналады.