o чем книга
Мұхтар Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» повесінде ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамында орын алған келеңсіздіктер мен олардың адам тағдырына әсері баяндалады. Барша адамзат қоғамының дамуына кері әсер ететін қорлық пен қиянат, зұлымдық пен қылмыс, сатқындық пен аярлық категориялары және оларға қарсы адалдық пен сенім, ерлік пен төзім, аяушылық пен мейірім категорияларының сипаты аршып көрсетіледі. Адамдық болмысты қорлап отырған алапат әділетсіздікке қарсы жанның жанкешті күресі баяндалады. Кітап жасөспірімдер мен ересектерге арналады.