o чем книга
ӨТЕНИЯЗОВ Самат Көшенұлы - тарихшы-ғалым. 1950 жылы дүниеге келген. Испан тілі мен әдебиетінің маманы. Белгілі шоқантанушы, ертедегі түркілер мәдениеті мен Қазақ мемлекеті тарихын зерттеуші. Тарих ғылымдарының кандидаты, Мадрид университетінің профессоры (2001). И. Мечников атындағы Одесса мемлекеттік университетінің Романо-герман филологиясы факультетін бітірген (1978). 1981-1999 жылдары ҚР Ғылым академиясы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында ғылыми жұмыспен айналысты. Кубаның Қазақстандағы елшілі- гінде, Алматы Шет тілдер университеті мен Қазақ-Америка университетінде қызмет етіп, испан тілінен сабақ берген. 1991-2001 жылдары «Central Asia newsfile» журналының (Лондон университеті) Орта Азия мен Қазақстан бойынша тілшісі міндетін атқарды. 2018 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде испан, латын тілдерінен сабақ береді. Испан және Латын Америкасы жазушыларының еңбектерін испан тілінен, Шоқан Уәлихановтың шығармаларын орыс тілінен және Қадырғали Жалайридің туындыларын шағатай тілінен қазақ тіліне аударған. Аттила мен хундар тақырыбында көлемді үш кітабы және студенттерге арналған екі оқулығы жарық көрген.