o чем книга
Қоғамдағы әйел теңдігі, әйел мәселесі жайында талай жазушы қалам тербеген. Соның ішінде қазақ әйелдерінің сарсаңға түскен тағдыры – қашан да өзекті тақырып. Қолыңыздағы кезекті кітап бұл тақырыпты одан әрі тереңдете көрсетеді. Тұрмыс-тіршілікпен бойындағы қабілеті жұтылып, айналасына қадір-қасиеті қашқан Айбибінің тағдыры не болмақ? «Айбибі» шығармасы – 2024 жылы «Alqa publishing» баспасы ұйымдастырған «Alqa» грантын жеңіп алған шығарма. Кітап әйел жанын түсінемін деген барша оқырман қауымға арналады.