o чем книга
«Дардай» романы – Ақберен Елгезектің рухани-мистикалық жанрында жазылған тұңғыш романы. Роман кейіпкері – Бекет атты қарапайым құрылысшы бір түнде зорайып өсіп, 81 метрлік алып боп оянады. Ол Алматыдағы жалға алып тұрып жатқан үйдің іргесіндегі терең сайға тығылып, елден бойын жасыруға тырысады. Бірақ мемлекеттік органдар Бекеттен қалаға қауіп келеді деп қорқып, оны тездетіп өлтіруге тырысады. Билік пен алыптың арасында күрделі текетірес басталады. Халық қай жағына шығарын білмей дал болып тұрғанда, көмек Руханият әлемінен келеді. Романда бүгінгі заман адамдарының психологиясы, халықтың басынан өткен қилы тағдыр суреттеліп, саяси сатира элементтерін пайдалана отырып, билік басындағылардың ашкөздігі сыналады. Шытырман оқиғалы роман сюжеті оқырманды жалықтырмайды. Кітаптың шрифті көзді шаршатпайды. Туындының тілі жеңіл. Кітаптың басылымы жолға алып жүруге, кез келген жағдайда оқуға ыңғайлы қып шығарылған. “Болмаған балалық шақ” бестселлерінің авторынан ұсынылып отырған роман сюжеті – қазақ әдебиетінде тың тақырып.