o чем книга
Көрнекті америкалық психолог және жазушы Дейл Карнеги бұл еңбегінде адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясына қатысты көзқарастары мен кез келген дау-дамайдан шығудың тиімді жолдарын жан-жақты талдаған. Карнеги дауды болдырмаудың тиімді тәсілдерін ұсына отырып, адамдардың эмоциялық әрекетін бақылау мен тыңдай білу мәдениетіне ерекше мән береді. Ол пікірталас кезінде қарсы тараптың көзқарасын құрметтеуді, өз қатесін мойындай білуді, достық ниет танытуды және шешімді бірлесе іздеуді ұсынады. Сондай-ақ автор адамға тікелей қысым көрсетудің орнына өтініш не ұсыныс түрінде сөйлесудің тиімділігін дәлелдейді. Дейл Карнегидің бұл қағидалары қазіргі қоғамдағы тұлғааралық коммуникацияда, ұжымдық қатынастар мен келіссөз мәдениетінде өзектілігін жоғалтпайды.