o чем книга
Бұл –қырыққа жуық еңбек авторы, менеджменттің көрнекті теоретик-практигі Питер Друкердің күнделік түрінде жазған, шабыт берер 366 кеңестен тұратын ерекше кітабы. Еңбектің ауқымы кең: менеджмент, бизнес пен әлемдік экономика. инновациялар және кәсіпкерлік. шешімдер қабылдау. білім қоғамы. зияткерлік еңбек. коммерциялық емес ұйымдардағы менеджмент сияқты мәселелерді қамтиды. Оқығаныңызды пысықтап, алған білімді іс жүзінде қолдануға ыңғайлы ететін «Бүгінгі күнге кеңес» сияқты арнаулы беттері де қамтылған. Кітап менеджмент теоретиктері мен практиктері үшін де қызықты болады. Теоретиктер автордың негізгі идеяларын жадында жаңғыртып, зияткерлік еңбектің рөлі, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы ойын өрістетуге мүмкіндік алады. Ал практиктер көптеген сұраққа ықшамды, көкейге қонымды жауап табады.