o чем книга
Қай заманда болмасын, бүкіл әлем халқына танымал шығарманың бірі Джейн Эйр романын оқырмандардың бірнеше буын ұрпағы оқып өсті. Бұл ешқашан ескірмейтін, құндылығын жоғалтпайтын кітап. Сансыз рет экранға шығарылды, алайда ең сәтті кинофильмнің өзі шығарманың әйел жүрегіне әсер етер барлық әсемдігі мен құдіретін толықтай жеткізе алмайды. Джейн Эйр әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген санаулы махаббат романдарының бірі.