o чем книга
Дулат Исабеков – белгілі жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар қаламгердің ұлтымыздың салт-дәстүрін, мінезі мен табиғи қасиеттерін көрсетуге, адам болмысының сан қатпарлы құпияларын ашуға ұмтылған шығармаларының бірі – «Гауһартас» повесі. Бұл туынды махаббаттың қадірін дер кезінде түсінбеу, адам жанының жалғыздығы мен жылулыққа деген мұқтаждығын шынайы жеткізеді. «Гауһартас» – үнсіз қалған сезімнің ауыр салдарын көрсететін, жүрекке жететін әсерлі шығарма.