o чем книга
Бұл кітапта қазақ жазушысы, драматургі Мұхтар Әуезовтің Үндістанға жасаған саяхаты кезіндегі естеліктері мен жазбалары очерк ретінде баяндалады. Қырық бес күнді қамтыған сапарынан Дели, Удайпур, Читоргар, Бенарес сияқты қалаларымен қатар, ең кедей аудандарының тұрмыс-тіршілігімен таныстырған. Бірде ақ мәр-мәрдан 18 жыл бойында 20 мың жұмысшының қолымен салынған Тәжмахалға сүйсінсеңіз, енді бірде бір Будданың өзіне ғана тән аңыз-әңгіме, наным-сеніміне таңғаласыз. Бұл туынды Үнді халқының тілі мен дініне, ішкі мәдениетіне зер салып қарағысы келетін оқырман үшін құнды болмақ. Сондай-ақ, әлем аралауды, тануды мақсат еткендер үшін жаңа бір сапарға жігер берері анық.