o чем книга
Спенсер Джонсонның «Ірімшігімді кім алды?» кітабы – ғибраты мол шағын ғана хикая. Мұндағы басты кейіпкерлер тышқандар – Иісшіл мен Желаяқ, құртақандай адамдар – Қорқақ пен Жалтақ. Олар өмірден өз Ірімшігін іздеп, зыр жүгіреді. Ал Ірімшік дегеніміз – жақсы жұмыс, байлық, зәулім үй, еркіндік, денсаулық, танымал болу сияқты өмірде өзіміз ұмтылып, қол жеткізгіміз келетін құндылықтардың, рухани тыныштықтың, тіпті жаяу қыдыру, гольф ойнау секілді күнделікті қарапайым әдетіміздің метафорасы. Ірімшікті әрқайсымыз әртүрлі түсінеміз, ол бізге бақыт сыйлайды деп үміттенеміз де, жатпай-тұрмай іздейміз. Тапқан кезде бауыр басып қаламыз. Ал жоғалтып алсақ немесе біреу тартып алса, жүрегіміз жараланып, өзімізді бақытсыз сезінеміз. Кітапты оқып шыққан адам: «Мен осылардың қайсысына ұқсаймын?»деген ойға беріледі. Неліктен? Бұл сұрақтың жауабын білу үшін осы кітапты оқып шығыңыз.