o чем книга
Кітапта репрессия құрбаны, ұлттық білім беру ісінің негізін қалаушылардың бірі абдолла Байтасұлынығ туындылары жинақталған. Ол - Ахмет Байтұрсынұлы жетекшілік еткен Білім кеңесінің белсенді мүшесі, мектепке арнап оқу құралдарын әзірлеген алаш оқығандарының бірі. ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп, 30 жасына жетпей кеңестік қудалауға ұшыраған Абдолла - санаулы ғұмырында қажетті кітаптар жазып, көсемсөздерімен көзге түскен көрнекті қаламгер. Сонымен бірге журналистігі мен ұстаздығы бір-бірімен біте қайнасқан талант иесі. Қолдарыңыздағы бұл жинаққа оның төл кітабы мен басылымдарда жарық көрген көсемсөздер топтастырылып отыр. Кітап ұлт руханиятына қызығатын көпшілік оқырмандарға арналған. Сондай-ақ көсемсөздің үздік үлгілерімен танысқысы келетін зерттеуші қауым үшін де құнды еңбек.