o чем книга
Алаш қайраткері, публицист, аргоном Ғазымбек Бірімжан - қазақ тарихында орны бөлек ірі тұлға. Оқырман назарына ұсынылған қайраткер - қаламгердің шығармалар жинағына ұлттық маңызы зор жобалары, шығармашылық мұрасы, ғылыми-зерттеу еңбегі, ашаршылық кезіндегі үндеулері, некрологтары және бұрын-соңды жарияланбаған мақалалары, құжаттары, деректері енгізілді. Сонымен қатар, кітапқа Алаш арысының өмір жолы, қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылығы туралы әр жылдары жазылған зерттеулер, естеліктер топтастырылды. Кітап Алаш тарихына қызығатын оқырман қауымға арналады.