o чем книга
Кітапта көрнекті ғалым, ұстаз Алма Қыраубайқызының 1993-1996 жылдары Ұлттық мектептің моделін қалыптастырған тәжірибелері баяндалған. Мектептің бағдарламасы, автордың ізденісі мен жетістіктері, өкініштері мен нәтижелері де қоса берілген. Қазақстан тәуелсіздік алған бетте елдегі педагогтер ұлттық мектеп ашуға белсене араласты. «Сенім бағдарламасы», «Сәдуақасов бағдарламасы», «Гуманитарлық қазақ мәдениеті мектебінің бағдарламасы» сияқты ұлттық тәрбиемен байытылған әдістемелер жарыққа шыққан. Соның ішіндегі ең танымалы әрі тәжірибеден өткені Алма Қыраубайқызының «Сенім» бағдарламасы еді. Осы кітап арқылы оқырмандар Алма апайдың педагогикалық тәжірибесі, идеялары, әдістерімен толық таныса алады. Кітап бұған дейін «Жаным садаға» деген атпен шыққан еді. Біршама толықтыру енгізе отырып, кітапты қайта басып отырмыз.