Мұхиттан өткен қайық

o чем книга
«Мұхиттан өткен қайық» – Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде ең көп (17) роман жазған қаламгер Ілияс Есенберлиннің көп қырлы жарқын шығармасы. Автор энциклопедиялық терең білімі, ұшқыр ойы және қарымды қаламымен өз халқының дәуірлер қатпарын қамтитын кең ауқымды тарихи шығармалар жазды. Ол туындылары туған жерінде көптің көңілін баурап, жүрегін жаулады, әрі көптеген тілдерге аударылып, бүкіл әлемге тарады. Алайда, мына «Мұхиттан өткен қайық» өмірбаяндық романы туралы олай айта алмаймыз. Өйткені, ол 1960 жылдардың аяғында бір демде жазылғанымен, әрі қарай... отыз жылға жуық уақыт жарияланбады. Бақытсыз сәбидің өз әке-шешесінің сүйікті перзентіне айналғаны тәрізді, өзекті өртер үміті іспетті шығармасында жазушы өзінің өмірге құштарлығы мен халқын қалтқысыз қалай сүйгенін жасырмай жайып салған екен. Есенберлин көбінесе маңызды кейіпкерлерінің бейнесін ойша тірілтіп, олардың тағдырларын жүрегінің сүзгісінен өткізіп, олар бастан кешкен тарихи оқиғалар ортасында өзі жүргендей, алыста қалған өткен замандарға жи-жиі еніп кететін. Бұл оған сол замандар жайлы өзінше ой түйіндеуге мүмкіндік берді. Бәлкім сондықтан жазушының соңғы романы – «Мұхиттан өткен қайық» соншалықты адамгершілікке толы, әрі нәзік те айқын жазылса керек. Бұл басылым – тек авторды еске алу және талантына тағзым ету ғана емес, сонымен қатар, қазақ әдебиетінің бір тұлғасына қатысты әділдікті қалпына келтіру жолының жалғасы десек те болады.
3 300 тг
В наличии
В корзину
Твердый переплет
3 300 тг
доставка
  • В ТЕЧЕНИЕ 3-Х ДНЕЙ ПО АЛМАТЫ
    Стоимость доставки: 500 тг

    При заказе от 10 000 тг доставка бесплатная
характеристики
Издательство
Издательство Книжный клуб
Переплет
Твердый
Штрих-код
9786018080586

Этот товар ждет Ваш отзыв
Вы можете быть первым!
вход
Вход
с помощью:
или
Текст ошибки
Забыли пароль? Восстановить
Не регистировались? Зарегистрироваться