o чем книга
Эльчин Сафарлидің «Мен оралғанда үйде бол» кітабы қалам құдіретімен жүректің нәзік пернесін дөп баса білген ерек шығарма. Оқиға наубай- ханада жұмыс істейтін 70 жастағы Ханс қарттың қызы Достуға арнап жазған хаттарымен өріледі. Онда әкесі жан сарайын ақтарып, өмірдің мәні, сүйіспеншілік туралы ой-толғаныстарын жазады, қызына кеңес береді, отбасымен өткізген әр сәтін еске түсіреді. «Сағындым. Әкең» деп аяқталатын әр хатта мейірім мен махаббат, сап-сары сағыныш тұ- нып тұр. Бір деммен оқылатын шығарма жанарыңа мөлдір моншақтар тізіп, жаныңды мұңға бөлейді. Кітап көпшілік оқырманға арналған. Барлық құқығы қорғалған. «Мазмұндама баспасының» жазбаша рұқсатынсыз бұл кітаптың кез келген бөлігін ешбір мақсатта, фотокөшірме, электрондық, механикалық немесе басқа да үлгі-нұсқада көшіріп басуға болмайды.