Советия & Қазақия. 1-кітап

o чем книга
Танымдық әдебиеттің тәрбие ісінде маңызды орын алатыны күмәнсіз. Патша заманы мен коммунистік дәуірде қанға сіңірілген отар пендесі жағдайынан біржола арылуға жаңа әдебиеттің танымдылығы ерекше әсер етеріне дау жоқ. Сондай әдебиетті жасауға атсалысуды парыз тұтқан көптомдықтың алғашқы кітабы – «Советия & Қазақия» рисәләсі. Кітапқа жиырмасыншы ғасырдың бастапқы онжылдықтарындағы қазақ өмірінен орын алған ұлттық және таптық қозғалыстар тарихынан сыр шерткен жазбалар енген. Сондай-ақ таптық негізде құрылған алып мемлекеттегі дербес елдікті аңсаған тосын оқиға, іс жүзінде тарихи дамудағы күрт бетбұрысты танытқан ерен құбылыс солардан кейін берілген арнайы топтамаға арқау болды. Мұнда ашық озбырлық танытқан самодержавиелік, одан байырғы үстемдікті тәтті ұрандармен бүркемелеп сақтап-қолдаған большевиктік империялар табиғатын ұғынып қана қоймай, оны терең түсініп, әлемнің жарты бөлігіне әмірін жүргізіп тұрған коммунистік тоталитаризмнің көбесін сөгуді бастап берген қазақ жастарының максимализмін іс жүзінде, өз дәрежесінде мойындаудың тәуелсіздік азаматтарына үлкен сын болғаны әңгімеленеді. Кітап биылғы – тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы мерекеленетін, тәуелсіздікке жол ашқан Желтоқсан көтерілісінің 40 жылдығы атап өтілетін – мерекелі жылда оқырман назарына ұсынылып отыр. Рисәлә Отан тарихына бейтарап қарай алмайтын жастарға, қалың оқушы қауымға, ізгі ниеттегі көпшілікке арналған.
5 600 тг
В наличии
В корзину
Твердый переплет
5 600 тг
СПОСОБ ПОЛУЧЕНИЯ
- САМОВЫВОЗ
(в течение 3-х дней)
характеристики
Издательство
ПолиграфкомбинатЖШС
Переплет
Твердый
Штрих-код
9786011294287

вход
Вход
с помощью:
или
Текст ошибки
Забыли пароль? Восстановить
Не регистировались? Зарегистрироваться