o чем книга
Бұл шығармалар жинағына ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының түрлі кітаптарға енген, әр жылдарда жазылған өлеңдері және қара сөздері топтастырылған. Ақын шығармаларын- да халықты ескілік шырмауынан шығарып, өркениетке бастайтын бірден бір өнімді сара жол – өнер-білімге қол жеткізу, ғылым үйренуді уағыздап, елді өнер-білім мен ғылымға жұмылдыруға кедергі болып отырған араздық, берекесіз талас-тартысты, керенаулықты сынға алады. Сондай-ақ насихат өлеңдері мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері қасиеттердің тамырын шірітіп, халықтық ар-намысты оятуға күш салады. Жинақ көпшілік оқырман қауымға арналған.