o чем книга
Көне жәдігерлер құпиясын ашуға тырысу, тарих қойнауына жасырынған жұмбақтарды шешуге талпыну... Әлемді таңдай қақтырған Ежелгі Қытай өркениеті кімді де болса қызықтырары сөзсіз. Көп жылдарын Ежелгі Қытайды зерттеуге арнаған кітап авторлары Стефания Стафутти мен Федерика Ромагноли – аталмыш саланың үздік мамандары. Династияға дейінгі дәуірден алғашқы Хань династиясына дейінгі аралық қамтылатын, тамаша суреттермен безендірілген бұл кітап – аспан асты елінің таңғажайып мұраларынан сыр шертеді. Мыңжылдықтар тарихына сапар шегіп, көне мәдениет жауһарларына куә болыңыз!