o чем книга
Бұл кітапта әйгілі «Қыз Жібек» жырының Жүсіпбек Шайхысламұлы жырлаған нұсқасы беріліп отыр. Себебі Жүсіпбектің «Қисса Қыз Жібектің хикаясы» деген атпен берілген жыры – ХХ ғасырдың басында баспадан ең көп шыққан әрі ел арасына кең тараған нұсқа. Жырда Төлегеннің қалыңдық іздеп жолға шығатын сәтінен бастап, оның інісі Сансызбайға дейінгі аралықтағы оқиғалар қамтылған. Қыз Жібектің көші мен оның сұлулығын барынша көркем суреттелген. Кітап қазақ мәдениеті мен танымына қызығатын оқырмандарға арналады.