Замана перзенттері һәм заманауи пайымдар

o чем книга
Кітапта уақыт өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан оқиғалар және тәуелсіз көзқарасты тұлғалардың соларға байланысты ой-¬пайымдары жайынан елеулі мағлұмат беретін мақалалар мен сұқбаттар жинақталған. Үш бөлімнен тұратын жинақтың алғашқы екі бөліміне белгілі ғалымдар, мемлекет, қоғам, шаруашылық қайраткерлері, жазушы, әнші, суретші, өзге де азаматтар жайында қаламгердің қаламынан әр кезде дүниеге келген мақалалары, сұқбаттары мен жазбалары енгізілген. Айталық, академик-математик Өмірзақ Сұлтанғазин туралы мақаласында автор оның Ұлттық Ғылым академиясының президенті болып сайланғанға де¬йінгі жолын әңгімелесе, арнайы жүргізген сұқбатында ғалымның ғылыми-техникалық прогрестің, болашақтың тағдырын анықтайтын ғылымдағы шешуші, басым бағыттардың бәрі математикамен қол ұстаса дамитыны, сол орайда жастарға қойылатын талаптар хақындағы ой-пікірін алға тартқан. Ал академик-тарихшы Кеңес Нұрпейісов туралы жазғанында ғалымның өмір деректерін бере келе, оның саяси қуғын-сүргін шындықтарын ашуды көздеген қоғамдық ұйымдағы жұмысын көрсетуге көңіл бөлген. Мемлекеттік Тәуелсіздігіміздің туын көтерушілер мен идеологтері қатарында болған белгілі қоғам қайраткері, философия докторы, профессор Әбдеш Қалмырзаев туралы мақаласында автор оның журналистіктен мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін өскен өмір жолын баян етумен қатар, шығармаларындағы қазіргі заман талабына толық жауап бере алатын озық саяси ойларын оқырман алдына тартады. Алматы медицина колледжінің негізін қалап, оны ширек ғасыр бойы басқарған профессор Қалқаман Аяпов жөніндегі мақаласында автор ғалымның жаңашылдығы, іргесін өзі көтерген оқу орнында мейірбикелік білім беру ісіне реформа жасап, мамандар даярлаудың тұңғыш рет көп деңгейлі жүйесін жасағаны хақында сыр шертеді. «Таралымы мардымсыз танымды еңбек хақында» атты мақалада профессор Мәмбет Қойгелдиевтің саяси қуғын-сүргін кезеңін зерттей отырып, сталинизм қылмыстарын бұлтартпас деректермен әшкерелеген құнды жұмысы талданған. Ал демограф Мақаш Тәтімовтің алғашқы кітабы жөніндегі пікірі және онымен Тәуелсіздіктің қарсаңында жүргізген сұқбаты арқылы жазушы оқырман назарын халықтану мәселесіне аударады. Қаламгер халқымыздың аса қадірлі ұлы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевпен кездесуін арнайы мақаласына арқау еткен екен. Кітапта мемлекет қайраткерлері Санжар Жандосов, Төлеубай Әбдіқадыров, Алдаберген Сәрсенбаев, авиация ардагері Әбу Смағұлұлы, ауыл шаруа¬шылығындағы солақай реформаға балама етіп, ел мүддесіне сай келетін өз нұсқасын билік талабын елемей өмірге енгізген Нұрғали Кенжетайұлы, басқа да қайраткерлер туралы мақалалар орын алған. Әр жылдарда қаламына ақын-жазушыларды, өзге өнер адамдарын да арқау еткен: жинақта Жұбан Молдағалиев, Қалтай Мұхамеджанов, Әнуар Әлімжанов, Зейнолла Серікқалиұлы, Фариза Оңғарсынова, Кәрібай Ахметбеков, Мұхтар Шаханов, Мағира Қожахметова, Пернебай Дүйсенбин, Мәди Айымбетов, Мереке Құлкенов, Бақытжан Қанапиянов, Дулат Шалқарбаев, Тынышбай Рақым, әнші Амангелді Сембин, мүсінші Хамит Бралиев, тарихшы Самат Өтениязов, жазушы-зерттеуші Көлбай Адырбеков, журналистер Жұмабек Кенжалин, Әшірбек Амангелдиев, Алпысбай Шымырбаев туралы танымды материалдар топтастырылған.
5 600 тг
В наличии
В корзину
Твердый переплет
5 600 тг
СПОСОБ ПОЛУЧЕНИЯ
- САМОВЫВОЗ
(в течение 3-х дней)
характеристики
Издательство
ПолиграфкомбинатЖШС
Переплет
Твердый
Штрих-код
9786018080289

вход
Вход
с помощью:
или
Текст ошибки
Забыли пароль? Восстановить
Не регистировались? Зарегистрироваться