o чем книга
Қолдарыңыздағы кітапқа Мұхтар Мағауиннің ертеректе жазылған бір топ әңгімелері енген. Жинақтағы «Бір уыс бидай» әңгімесінде Алмажан уысындағы дән – өктем күшке деген үнсіз қарсылық, ашаршылық қасіретінің айқын дәлеліндей. «Бір қадақ бидай» туындысы қасіретті күндердің «тәртібін» – аштықтан дүниеден өткендерді жерлеуге дән үлестіру тәрізді адамзатқа қарсы сорақылықты әшкерелейді. Ал «Тіленші» әңгімесінде вокзалда билетіне «бір сом» жетпей жүрген мүсәпірмен кездескен студенттің ішкі арпалысы арқылы қатпары мол әлеуметтік мәселелер көтеріледі. Кітаптағы басқа әңгімелерінде автор адамдық қадір, рухани беріктік пен тарихи шындық тақырыптарын түрлі оқиғаларды негіз етіп баяндайды.