o чем книга
Француз жазушысы Жюль Верннің бұл шығармасын оқымаған бала кемде-кем. Қиял-ғажайып шытырман оқиғаға толы шығарма капитан мен барлық матростың өмірін қиған қайғылы апаттан кейін алып кемені басқаруға мәжбүр болған жас Дик Сэндтің басынан өткерген оқиғаны баяндайды. Кітап кейіпкерлері ашық теңізде көптеген қауіп-қатерге тап болып, бірнеше рет өліммен бетпе-бет келеді. Енді он бес жасар капитанның алдында тірі қалғандарды үйіне аман-есен жеткізу міндеті тұр. Жазушы осы арқылы кез келген адам қандай қиын жағдайға тап болса да жауапкершілік, табандылық, батылдық пен мейірім арқылы биік белестерді бағындыра алатынын көрсетеді.