o чем книга
Санни Ланкастер – ерекше бала. Жүгіргенде алдына жан салмайды. Дегенмен жан дүниесі өзге бір іске – биге жақын. Шешесі мұны дүниеге әкеле сала өмірден озған. Сондықтан ол әкесі бағдарлаған жол – жүгірумен шұғылданып келеді. Алайда күнде өз табиғатына қарсы келген сайын «Мен кіммін? Жүрегімнің үнін құлақ асайын ба, әлде әке үмітін ақтауым керек пе?» деп толғанады. Санни сол үшін де күнделік жазады. Қағазға бар сырын ақтарып қана қоймай, күнделік жазып жатып еркіндік, шығармашылық жайлы армандап, өз жолымды тапсам деп ұмтылады. Осылайша, ақыры тек жүгіруде емес, өмірден де өз ырғағымен, өзі ғана билей алатын биді билеп жүріп өтуді үйренеді. «Санни» – шынайылық пен армандауға баулитын, жүрек үніне құлақ асуға үндейтін керемет туынды. Кітап жасөспірімдер мен ересектерге арналған.